«Сонымен қатар елбасыға құрметті сенатор мәртебесін беру керек деп санаймын. Тұңғыш президенттің фотосуретінің бәрі міндетті атрибут ретінде көпшілікке арналған ғимараттарда, мемлекеттік қызметкерлердің кабинеттерінде, оқу орындарының ғимаратында қалады», — дейді президент.
Сондай-ақ, ол елбасының өмірлік іс-әрекеті «Тұңғыш президент туралы», «Елбасы туралы» заңдарға сәйкес қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.
«Елбасыда барлық қызметтік инфрақұрылым сақталады. Нұрсұлтан Назарбаев — еліміздің тұңғыш әрі жалғыз елбасы болып қала бермек, ол — халықтың әкесі», — дейді Тоқаев.
Айта кетсек, бүгін, 20 наурызда, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның президенті атанды. Ол халықтың алдында ант қабылдады.