Назарбаевтың рөлін сомдаушы актерге түсірілім кезінде 50 рет грим жасалған - kaz.caravan.kz
  • $ 518.81
  • 596.27
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаевтың рөлін сомдаушы актерге түсірілім кезінде 50 рет грим жасалған

Назарбаевтың рөлін сомдаушы актерге түсірілім кезінде 50 рет грим жасалған

Қазір "Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде" фильмі түсіріліп жатыр. Бұл Назарбаев туралы киноэпопеяның алтыншы бөлімі

  • 10 Қаңтар 2018
  • 127
Фото - Caravan.kz

"Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде" фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін сомдаушы актер Мұрат Ахманов түсірілімнің 50 күнінде 50-ге жуық грим жасатқан, деп мәлімдеді Sputnik.

Британиялық гример Марк Кульер кәсіби грим жасаудың қиын екенін мойындап, актердің бет-әлпетін мұқият зерттеуге байланысты екенін атап өтті.

"Гримді әзірлеуге 6-8 аптадай кетеді. Арнайы пішін дайындалған соң, оған силикон құйып, тері бөліктерімен қаптайды. Түсірілім өткен 50 күнде басты кейіпкер 50-ге жуық құлақ-мұрынды киіп көрді", — дейді Кульер Қазақстанның Тұңғыш президенті кітапханасының сайтында жарияланған сұхбатта.

Картина режиссері Ақан Сатаевтың сөзіне сүйенсек, Елбасы туралы киноэпопеяның алтыншы бөлімі жартылай түсіріліп болды. Қазір Назарбаев атындағы кітапхана музейінде түсірілім жүріп жатыр.


Алтыншы бөлім елордамыз – Астананың 1994 жылдан бастап қазіргі күнге дейін даму кезеңі туралы баяндайды.