"Назгүлді ұрып соғады, ақыл-есі кем": Таразда құлдықта болған апалы-сіңлілерге қатысты тың дерек тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 503.35
  • 590.63
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Назгүлді ұрып соғады, ақыл-есі кем": Таразда құлдықта болған апалы-сіңлілерге қатысты тың дерек тарады

"Назгүлді ұрып соғады, ақыл-есі кем": Таразда құлдықта болған апалы-сіңлілерге қатысты тың дерек тарады

Апалы-сіңлілі Құндыз бен Назгүлдің қорғаушысы Зүльфия Төленова оқиғаға қатысты өз шындығын айтты.

  • 26 Қаңтар
  • 7
Фото: alashkznews

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы Зүльфия Төленова желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Халқым, желіде тарап кеткен оқиғаны көріп, өзім таң қалып отырмын. Қаншама жыл бойы қаншама балаларды алдым. Мен сіздердің алдарыңызда ақталайын деп отырған жоқпын. Бірақ мына жағдайды кім түсіріп, қалай жібергенін білмей отырмын.

Мынадай жағдай болмады, мен мұндай жағдайда жібермес едім. Мен байлап сондай жағдай жасап жатсам, өзіме-өзім қастандық жасамайтын шығармын. Байлап қойып, балаларды суретке түсірмейтін шығармын. Бұл жағдай ақыл-есі кем болған соң, Құндыз көбінесі Назгүлді ұрып-соғады.

Мүмкін сол байлаған шығар, мен оны білмеймін, бұл үйді бәрі ақыл-есі кем балалар ғой. Мен бұл жағдайдың қай уақытта болғанын да білмеймін, бүгін білдім. Мен балалардың құжаттары, азық-түлігі үшін үйден көп шығып кетемін. Білмеймін, үйге келгенде бәрі тып-тыныш, әп-әдемі отырған балалар болатұғын. Бұл жерде менің аяғымнан шалу немесе ар-намысыма нұқсан келтіру шығар. Мен балаларды асырап, осы күнге дейін өмірге жіберген қаншама бала-шағам бар. Білмеймін кімнің істегегін, бұл жерде тек аяқтан шалу деп ойлаймын», — деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, бұған дейін апалы-сіңлілердің бірінің аяқ-қолы байланған видеосы мен суреті желіде тараған еді.