"Нәжіс сасиды, жиіркеніп, қайтып кеттім": Алакөлдің жағдайы халықты шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нәжіс сасиды, жиіркеніп, қайтып кеттім": Алакөлдің жағдайы халықты шошытты

"Нәжіс сасиды, жиіркеніп, қайтып кеттім": Алакөлдің жағдайы халықты шошытты

Еліміздегі үлкен демалыс орындарының бірі Алакөлдің жағдайы мәз емес. Нәжәс саситыны соншалық, халық жиіркене қашқан.

  • 16 Тамыз
  • 269
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Алакөлдің қазіргі халі айтылды.

«Жаз басталғанда жұмысбасты жұрттың демалыс алып, суға шомылуға жұмылатыны бар. Қалтасы қалыңырақтар шетелге қыдырыстап кетсе, енді біреулер отандық туризмді дамытуға ат салысады. Тілшіміз Алакөлге барып, ішкі туризмнің тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан еді.

Алакөлге шомылғанды жақсы көретін жұрт оның Ақши, Көктұма, Жарбұлақ атты жағалауларын жақсы біледі. Мөлдір әрі тұнық суды сүйетіндер Ақши мен Көктұмаға табан тіресе, ендібіреулер аллергия мен түрлі бөртпеге таптырмас ем саналатын Жарбұлақ, яғни Шығыс жағын жағалайды. Біздің таңдауымыз осы – қазіргі таңда Қабанбай ауылы деп аталатын бұрынғы Жарбұлаққа қарасты жағалауға түсті.

Алматыдан межелі жерге жеке көліктен тыс, пойызбен, автобуспен немесе ұшақпен қатынауға болады. Автобус бағасы Алматыдан Қабанбай ауылының тура басына 8900 теңгеге жеткізіп салады. Сонымен қатар, бүгінде Астана – Үржар – Астана, Алматы – Үржар – Алматы бағытында әуе бағыттары қызмет көрсетуде. Әуе көлігін таңдар болсаңыз, Үржар елдімекенінен Қабанбай ауылына дейін жету үшін такси жалдап, 140 шақырым жүріп өтуге тура келеді. Біз асықпай шай ішіп, айналаңды танып бару мақсатында «Алматы-Достық» пойызын таңдадық. Бірақ жүрдек пойыз көлдің басына тура апармайды, жолай Жалаңөшкөлден түсіп, ары қарай Алакөлге таксимен жетуге болады. Көлдің басына дейін жетпіс шақырымды жүріп өтесіз, ал оның ақысы – кісі басына 2500 теңгеден.

Алакөлдің жанға шипа екенін ескеріп келген жұрттың бір кідіретіні – жағалаудан әжетхана табу. Суға шомылған жандардың қуығын қысып жүгіргенде бұрыш-бұрыштан әрең жолықтыратыны осындай әжетхана.

Мұндай әжетханалар ақылы болғанымен, әркез есігі айқара ашық болса жақсы. Әйтпесе, келушілерге өзі жатқан демалыс орнына жүгіруге тура келеді.

«Шіркін, анау қыруар табыс тауып жатқан пансионаттардың әрқайсысы жағаға бір-бір биотуалет орнатып қойса ғой. Әйтпесе, жел тұрғанда көлдің жағасынан нәжістің исі аңқиды. Табиғаттың берген осы сыйына орай сервисті дамытса болады ғой. Осыны үйлестіретін адам бар ма?!» – деп күйінді Шолпан есімді өскемендік тұрғын», деп жазды.

«Иә, дұрыс сөзіңіздін жаны бар. Мен де барғанмын. Жиіркеніп шынымды айтсам, қайтып кеттім, екі апта бұрын», «Бардық ,боқ, сідік сасиды жиіркенішті. Үйде душқа түсе салған мың есе артыңқ», «Сол үшінде шетелге барады халық, өзімізде дұрыс сервис жоқ«, деп халық та жан айқайларын жеткізді.