Назира Тұрсынбаева: Ауыл аймақтарда интернеттің дамымағаны рас - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назира Тұрсынбаева: Ауыл аймақтарда интернеттің дамымағаны рас

Назира Тұрсынбаева: Ауыл аймақтарда интернеттің дамымағаны рас

Бүгін ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда елдегі және әлемдегі қазіргі қалыптасқан ахуал мен әлеуметтік-экономикалық мәселелер қозғалды. Сондай-ақ ауылды жерлердегі интернет желісі мен оқушыларды қашықтықтан оқыту төңірегіндегі проблемалар сөз болды. 

  • 10 Шiлде 2020
  • 87
Фото - Caravan.kz


Президент қозғаған мәселелер бойынша Аймақтану орталығының жетекші маманы Назира Тұрсынбаева Caravan.kz медиа порталының тілшісіне өз пікірін білдірді.

“Президенттің айтқанын жаңа ғана Twitter желісінен оқып шықтым. Расыменде ондай мәселе бар. Ауылдық аймақтарға инфрақұрылымның дами қоймағаны да рас. Төтенше жағдай кезінде мұғалімдер болсын, оқушылар болсын интернетке кіре алмай ол мәселе болды. Экономиканың ауылдық жерлерде дамуына интернеттің әсері зор, өйткені қазір көптеген нәрселер компьютер арқылы жасалады. Қазіргі таңда ауылдық аймақтар қаладан еш кем болмауы тиіс. Интернет ауылдық аймақтар алдағы уақытта болады, іске асады. Қазақстанда 6500-ге жуық ауыл-аймақ бар, соның барлығын зерттейміз, қараймыз. Ал президенттің айтқан расымен де орынды, ондай мәселе әсіресе ауыл-аймақтарда жоқ емес, бар.”, — деп жауап берді Назира Тұрсынбаева.