Ол байрақты бәсекенің ақтық сынына жолдама алған алғашқы аруымыз, деп хабарлады Sports.kz.
Қазақстандық Назым Қызайбай (48 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) жартылай финалдық жекпе-жекте Оңтүстік Корея өкілі Йон Гум У-ды жеңді. Есеп — 3:0 (40:36, 39:37, 39:37).
Шешуші кездесуде Назым америкалық Марлен Эспарзуды жеңген қытайлық Юян Ванмен жұдырықтасады.
Финал ертең, 27 мамырда өтеді.