"Не деген арсыз бағдарлама, енді біреудің төсегіне араласу қалды ма?!": Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз қатты сынға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Не деген арсыз бағдарлама, енді біреудің төсегіне араласу қалды ма?!": Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз қатты сынға қалды

"Не деген арсыз бағдарлама, енді біреудің төсегіне араласу қалды ма?!": Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз қатты сынға қалды

Әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова бірнеше апта бұрын "мамандығым журналист болмаса да бағадарлама жүргізетін болдым", деп әлеуметтік желіде сүйіншілеген болатын.

  • 27 Шiлде 2020
  • 5798
Фото - Caravan.kz

Ал жақында аталған бағдарлама эфирге шыға бастады. Алайда "Неке сыры" деп аталатын шоу бағдарлама көптің көңілінен шыға қоймады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Оның соңғы жүргізген хабардағы тақырып ерлі-зайыптылар арасындағы төсек қатынасы төңірегінде болды. Бұл елдің наразылығын туғызды. Көпшілік көрермен түкке қажеті жоқ бағдарламаның жабылуын талап ете басады. Бұған қоса олар Жұлдыздың жүргізушілік қабілетінің төмен екенін жазуда.

"Жұлдыз жүргізе алмайды, тіл мәдениеті жоқ, астарлы акикаттағы Дина ханым сиякты жүргізу кереу", "Ретинг көтеріп ақша табуға екі бұттың төңірегіндегі темалар тиімді болып тұр", "Жұлдыз сенен мынандай бағдарлама күтпеген еді халық, қоя сал", "Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса. Бұл қазақ қыздарына ұят нәрсе.Масқара!!!",  "Не деген арсыз бағдарлама мынау! Енді біреудің төсегіне араласу қалдыма?! Ұят-ай! Сорлылар-ай!", деген сияқты жүздеген ашулы пікір қалдырған. 


 

Соңғы жаңалықтар