"Не деген надандық": Ерекше баласы бар аналарды "жүргіш" деп айыптаған танымал блогердің басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Не деген надандық": Ерекше баласы бар аналарды "жүргіш" деп айыптаған танымал блогердің басы дауға қалды

"Не деген надандық": Ерекше баласы бар аналарды "жүргіш" деп айыптаған танымал блогердің басы дауға қалды

Ерекше балалардың ата-аналары туралы әдепсіз сөз айтқан блогер қамауға алынып, оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.

  • 2 Желтоқсан
  • 17
Instagram/Гүлнар Оразалина

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Блогер ерекше баласы бар аналарды айыптап, тіпті оларға «жүргіш» деп тіл тигізген.

«Видеоның авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. Астана қаласының полиция департаменті желіде адамның жеке басына қатысты балағат, қорлау сипатындағы сөздер айтып, тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеліп соқтыратынын ескертеді. Мұндай құқық бұзушылықтар заң аясында қатаң түрде тоқтатылады», — делінген хабарламада.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Гүлнәр Оразалина атты блогердің мәлімдемесі ерекше баласы бар аналардың шамына тиіп, олар ұжымдық арыз жазған болатын.

Көпшілік блогерді сөгіп, оның бұл әрекетін қатаң сынға алды.

Перейти к новостям спорта