«Не деген ысырап»: Белгілі актер «Тука» қызына аста-төк той жасаймын деп, жұрттан оңбай сөз естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Не деген ысырап»: Белгілі актер «Тука» қызына аста-төк той жасаймын деп, жұрттан оңбай сөз естіді

«Не деген ысырап»: Белгілі актер «Тука» қызына аста-төк той жасаймын деп, жұрттан оңбай сөз естіді

Желіде белгілі әзілкеш, актер Нұржан Төлендиевтің қызының ұзату тойынан видеолар тарады.

  • 23 Ақпан 2023
  • 223
Фото - Caravan.kz

Онда өнер иесінің қызының ұзату тойын дүркіретіп өткізгенін анық көруге болады, деп хабарлайды Caravan.kz.

Нұржан Төлендиевтің қызының тойының видеолар желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды. Онда жазба авторы:

«Баршамызға осындай той жұғысты болсын» деген қысқа ғана жазба қалдырған.

Десе де желі қолданушыларына мұндай аста-төк той ұнамаған. Олар:

«Мынау деген ысырап не сұмдық бай екенін көрсетті. Енд қалғаны самолётпен үйінің төбесіне қону керек еді. Мақтаншақтық», «Ақшаң болса бәрін істеуге болады қазір», «Бұл құдалары шығар түйемен келген, сіздердің нелерің бар, жастар бақытты болсын» деп жазды олар.

Перейти к новостям спорта