«Не істеп, не қойғаныңызда ешкімнің шаруасы жоқ»: Ләйлә Сұлтанқызы желідегі жазбасымен елді ойландырып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Не істеп, не қойғаныңызда ешкімнің шаруасы жоқ»: Ләйлә Сұлтанқызы желідегі жазбасымен елді ойландырып қойды

«Не істеп, не қойғаныңызда ешкімнің шаруасы жоқ»: Ләйлә Сұлтанқызы желідегі жазбасымен елді ойландырып қойды

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде ерекше жазба қалдырып, елді ойландырып қойды.

  • 17 Тамыз 2023
  • 26
Фото - Caravan.kz

Көпшілік Сұлтанқызының бұлай жазуына не түрткі болғанын білмей дал, деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

«Өзгені өзіңнен биік қоятын сәттер…Таныс па бұл сезім? Мысалы, жұмыста қатты ауырып тұрсыз, бірақ тастап кете алмайсыз…Күйеуіңіз #абьюзер, бірақ ол адамнан кетуді қаламайсыз…Өзіңізге қымбат, жақсы зат көрдіңіз, бірақ ол ақшаға лучше үйге бірдеңе алайын, бала-шағамды киіндірейін деп ойлайсыз…Кейде кез келген өтінішке “жоқ” деп айту да қиын, көңілін қалдырып алатын сияқтымыз… Тәуекелге барғымыз-ақ келеді (стиль өзгерту, ұзын-қысқа, жылтыр, ақ-қара киіп, иммидж өзгерту. Жаңа іс бастау, мамандық ауыстыру сияқты..), бірақ жүрегіңдегі “қой, ұят болады” жібермейді. Бұл тізімді жалғастыра берсең шегі жоқ… Шындап келгенде, сіздің не істеп, не қойғаныңызда ешкімнің шаруасы жоқ. Басқалар үшін бәрібір.

Ал қалғаны өмірдің ағысымен келген сынақ пен сыйда сынала береді:


Күйеуді — тоқшылықта,
Әйелді — жоқшылықта,
Баланы — қартайғанда,
Бауырды — мираста,
Жолдасты — жолдың үстінде,
Досты — қиындықта танимыз…

P.s: осы тұста баяғыда бір танысымның “адам алдында емес, бастысы Құдай алдында беделің биік болсын” дегені есіме түсті…», — деп жазды ол.

Көпшілік тележүргізушінің бұлай жазуына не себеп болғанын сұраған.

«Иә, дұрыс айтасыз, ұят болады көп қыздың түбіне жетті», «Сізге не болған? Неге мұндай жазба қалдырдыңыз?!», «Тыныштық па?» деп жазды олар.