"Не мақтаныш, не ысырап мынау": Қырқынан шыққан сәбиіне аста-төк қымбат зат әперген Төреғалидің қарындасы ұятқа қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Не мақтаныш, не ысырап мынау": Қырқынан шыққан сәбиіне аста-төк қымбат зат әперген Төреғалидің қарындасы ұятқа қалды

"Не мақтаныш, не ысырап мынау": Қырқынан шыққан сәбиіне аста-төк қымбат зат әперген Төреғалидің қарындасы ұятқа қалды

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі қызын қырқынан шығарып, елдің сынына ұшырады.

  • 26 Желтоқсан 2023
  • 606
Фото - Caravan.kz

Көпшілік шақалаққа аста-төк қымбат зат әперіп, қыз жасауын ұйымдастырғаны үшін, оның ата-анасын қатаң сынға алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл туралы Фариза Төреәлі өзінің жеке парақшасында хабарлады. Онда ол: 

"Нағашылары сондай керемет дайындалыпты, қыз жасауынан кем түспеді Алла разы болсын. Енді бұл кісілер сені емес немерелерін ойлап тұрадығо иә. Қызымыздың алғашқы мерекесі болған соң жақсылықты молынан жасауға тырыстық. Ата-әжелері екі жақтан бір-бірлеріне сыйларын дайындаса біз де қалыспадық. Олар немерелерін, ал біз олардың жағдайын ойлап жүрміз. 

Әрдайым ата-аналарымызды қуантуды бірінші орынға қоямыз. Қолымыздан келгенше қуантамыз, осы қуанышты күнде ата-енеме жақсылап демалып келсін деп Дубайға жолдама сыйладық. Қашан да қасымыздан табылатын, көңілі кең, ауызын ашса жүрегі көрінетін Тоғжан @toqzhan құрбыма және оның ата-анасына бірге барсын деп Умраға жолдама сый еттік. Анама, жеңгеме, сіңіліме және маған керемет бұйымдар тақты мамам

@dariganortaeva4 , рахмет сіздерге", — деп жазды ол.