"Не мәселе бар? Неге елде нәтиже жоқ?": Шымкенттің әкімінің бұрынғы орынбасары спорттағы былықтың бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Не мәселе бар? Неге елде нәтиже жоқ?": Шымкенттің әкімінің бұрынғы орынбасары спорттағы былықтың бетін ашты

"Не мәселе бар? Неге елде нәтиже жоқ?": Шымкенттің әкімінің бұрынғы орынбасары спорттағы былықтың бетін ашты

Танымал журналист, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Шыңғыс Мұқан қазақ спортындағы өзекті мәселелерге тоқталды.

  • 12 Тамыз
  • 112
Фото - Caravan.kz

Ол Тунис құрамысының тхэквандодан бас бапкері Есбол Сұлтановты қайтадан елге қайтару қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы журналист желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Журналист болсам Туниске тхэквондодан екі медаль — алтын мен күміс алып берген қазақ бапкер Есбол Сұлтановтан суыртпақтап сыр сұрар едім.

Есбол қазақ тхэквондосының түлегі. 2006 жылы Азиадаға, 2007 Әлем чемпионатына Қазақстан атынан қатысқан.

Егер шетелде сұранысы бар бапкер болса, елде де жаман бапкер болмаса керек. Тунис те айдаладан біреуді алып бас бапкер етіп қоя салмаса керек. Елдегі ішкі кухняны да жақсы білетін болар. Біздің спорттың барлық түрінің кухнясы шамамен бірдей “тамақ” пісіреді.

Не мәселе бар? Неге елде нәтиже жоқ? 

Халық саны бізден екі есе аз бұл Африка елінде мекен ететіндердің орташа айлығы жүз доллардың үстінде, демек әлеуметтік жағдайы аса мәз болмаса керек. 

Осыдан бір жыл бұрын Туниске бас бапкер болып барған Сұлтанов Африка чемпионатында 8 алтын алыпты. Осы Олимпиадаға апарған төрт спортшысының екеуі жүлде алды.

Тунисте бар зат бізде жоқ емес шығар. Не үйлеспей жатыр? Әлде бізде біліксіз бапкерлер жастарға жол бермей жатыр ма? Не істеуге болады?

Сөйлетіп алар едім. Есбол да жасырып қалмайтын сияқты. Саудтар мен әмірліктер бізге кел деп шақырып жатыр екен.

Жалпы, елде орнын таппай, шетелде еңбек етіп, жетістікке жетіп жүрген бапкерлер де, спортшылар да жоқ емес», — деп жазды ол.