Көпшілік енді жұлдызды жұптың өзін қойып, олардың балаларын да қызу талқылауға кіріскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Халық жайдарманшының қыздары тек орыс тілінде сөйлейді деп, халық сынына ұшыраған. Десе де, оның қызы қазақ тілін білетінін, тек мектепте ағылшын сыныбында оқитындықтан, өз тілін ұмытып бара жатқанын түсіндірген.
«Қайырлы күн, қалдарыңыз қалай? Көпшілік мені қазақша білмейді деп ойлайды екен. Не ойласаңыздар да өздеріңіз білесіздер, бірақ мен қазақ тілін білемін. Мен қазақша сөйлеп, оқи аламын. Қазақша жаза аламын.
Бірақ менің қазақша сөйлегенімді ешкім естімеген шығар. Кішкентай кезімде мен қазақ тілін жетік меңгерген едім. Қазір мен, бірінші сыныптап бастап ағылшын тіліндегі сыныпта оқығандықтан, қазақ тілін ұмытайын дедім.
Себебі, мен 1-ші сыныптан бастап ағылшын мектебінде оқимын. Қазақша мектепте оқымағанмын, менің достарымның бәрі орысша сөйлейді», — деп түсіндірді ол.