"Не өлі, не тірі екенін білмеймін": Отбасылық құпиясын ашқан Айдарбекова тағы да елдің қызу талқысына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Не өлі, не тірі екенін білмеймін": Отбасылық құпиясын ашқан Айдарбекова тағы да елдің қызу талқысына түсті

"Не өлі, не тірі екенін білмеймін": Отбасылық құпиясын ашқан Айдарбекова тағы да елдің қызу талқысына түсті

Танымал продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова отбасылық құпиясын ашып, елді елең еткізді.

  • 9 Қаңтар
  • 27328
Фото - Caravan.kz

Ол жолдасы Нұртас Айдарбековпен басынан өткізген оқиғасы туралы баяндап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлім етті. 

Айтуынша, Қайрат Нұртастың небары 5 айында жолдасы Нұртас Айдарбековты Павлодар қаласында пышақтап кетіп, ол жансақтау бөлімінен бірақ шыққан. Сол кезде жолдасының жанынан табылмақ болған Айдарбекова, бес айлық тұңғышын тастап, қымбат көйлектерін сатып, жолына ақша тауып, ұшақпен күйеуінің жанына барған көрінеді. 

Продюсер алғаш рет мұндай суық хабарды естігенде "Жесір қаламын ба" деп қорыққанын да жасырмайды. Десе де, аталған оқиғаның немен аяқталғанын продюсер әлі мәлім етпеді. Ол тек оқырмандарына оқиғаның жалғасын жазатынын хабарлаған. 

Көпшілік продюсерден болған жайттың жалғасын асыға күтетіндерін жазған. Олар: "Күтеміз", "Соңы не болды", "Барсаңыз ағасыздың халі қалай екен?", "Нағыз қызық жерінде тоқтағаныңыз қызық болды" деп жазды олар.