"Не үшін құтқардық?": ресейліктер "Қасыретті қаңтар" оқиғасындағы ісін міндетсіне бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Не үшін құтқардық?": ресейліктер "Қасыретті қаңтар" оқиғасындағы ісін міндетсіне бастады

"Не үшін құтқардық?": ресейліктер "Қасыретті қаңтар" оқиғасындағы ісін міндетсіне бастады

Сепаратистік Луганск және Донецк облыстарын Ресей мойындады. Артынша Сирия мен мойындалмаған Абхазия, Оңтүстік Осетия да мойындап отыр. Мәскеу өзге елдердің қандай шешім қабылдайтынын күтуде.

  • 24 Ақпан 2022
  • 764
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді "ЛХР мен ДХРді мойындау мәселесі күн тәртібінде жоқ екенін, Қазақстан халықаралық құқық пен БҰҰ жарғысына сай әрекет ететінін" айтты. Алайда бұл ресейлік шовинистердің ашуына тиді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Абай.кз-ке сілтеме жасап.

Russia Today редакторы Маргарита Симоньян бұл сөздерге ашуланып, былай депті: "Біз оларды не үшін құтқардық?". Ал өзінің әлеуметтік желідегі тағы бір жазбасында ол: "Ең жаман адам — ол алғыс айта алмайтын адамү Олар бір сәтте сатқындыққа бара алады", — деп қорытынды жасапты.

Симоньян Қазақстанға қатысты бірінші рет мәлімдеме жасап отырған жоқ. "Қасіретті қаңтар" оқиғасында ол ҰҚШҰ бітімгерлік күштерін жіберу үшін Қазақстанға келесі талаптарды қоюға тиіспіз деген еді: "Қырымды мойындау, кириллицаны қалдыру, Қырғызстандағы сияқты орыс тілін екінші мемлекеттік тіл ету, қожайынға өтірік айтпай, орыс тілі мектептерін жайына қалдыру, Ресейге қарсы ҮЕҰ-дарды қуып шығу, ұлтшылдарды қолдауды тоқтату". Әрине, оның бұл сандырағы ресейлік шовинистерді бір желпіндіріп қойды.

Қазақстан билігі әрине мұндай ақпараттық шабуылдарға назар аудармай, мемлекеттік мүдде тұрғысынан дұрыс деп тапқан, ұлттық мүддеге сай қызметті атқаруы тиіс.


Соңғы жаңалықтар