Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Көңіл күйім жаман түсіп кетті. Налоговый маған хат жіберген, не істеймін өзі? Қайырымдылық деп жүгіргенім болмаса… 46 сбор ашылды. Барлық 46 отбасыға артығымен табысталды. Мен не үшін өзім жұмсамаған ақшаға налог төлеуім керек? Бәрі жақсы болады Иншалла! Мен эмоциям бірден шығатын адаммын. Халықпен бірге жасалған жақсылық болған соң жазып отырмын. Егер жеке мәселем болса, оны сіздерге айтпас едім. Бұл халық алдында жасалған жақсылық», — деп жазды Аялуым Жорабаева.

