Оның ақыл-парасатының коэфициенті бүгінде 162-ге тең. Бұл көрсеткіш адамзаттың данышпандары Альберт Эйнштейн мен Стивен Хокингтен де жоғары. Қыз бала олардан екі балға басып озды.
Оның ата-анасы тест нәтижесін жариялады. Никольдің анасы Молли Бакленд қызының қай жұмысты болмасын, жан-тәнімен беріле атқаратындығын айтады. Ол өскенде дәрігер болуды армандайды екен.
Әкесі Джеймс Барр кіреберіс жолдарды жөндеумен айналысады.
Айта кетейік, ересек адамның ақыл-парасатының орташа деңгейі 100 балға тең. Егер көрсеткіш 140-тан асса оны данышпан деуге болады. Николь Барр тест нәтижесіне сенер-сенбесін білмей, қатты таңырқауда, деп жазады planet-today.ru.