«Неге арбаға таңылған?»: Жалғыз қызына Түркияда аста төк той жасаған Сауат Мыңбаевтың мүгедектер арбасында отырғаны таңданыс туғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Неге арбаға таңылған?»: Жалғыз қызына Түркияда аста төк той жасаған Сауат Мыңбаевтың мүгедектер арбасында отырғаны таңданыс туғызды

«Неге арбаға таңылған?»: Жалғыз қызына Түркияда аста төк той жасаған Сауат Мыңбаевтың мүгедектер арбасында отырғаны таңданыс туғызды

Танымал шенеунік, көп жылдар бойы еліміздің көптеген саласында басшылық қызметте болған Сауат Мыңбаев жалғыз қызын үнді стилінде ұзатып, елдің қызу талқысына түсті.

  • 25 Мамыр 2023
  • 587
Фото - Caravan.kz

Желіде тараған суреттерден бұрынғы шенеунік қызын Түркияда ұзатқаны айтылады, деп хабарлайды Caravan.kz.

Cауат Мыңбаевтың қызының тойынан түсірілген суреттер желіде тарап кетті. Онда бұрынғы шенеунік пен оның жалғыз қыздарын ұзатып жатқан сәтін анық көруге болады.

Бұған қоса БАҚ өкілдері Сауат Мыңбаевтың қызы Үндістандағы белгілі олигарх отбасының баласына тұрмысқа шыққанын айтады.

Желі қолданушыларына бұрынғы шенеуніктің қызына аста төк той жасағаны ұнамай қалған. Олар: «Үндінің киімін киіп алғаны несі? Қазақтың ұлттық киімі қайда қалады сонда?», «Қазақстанның бар байлықтарын қалтарына басып алып, ойларына не келсе соны жасап жүр», «Қарапайым халықтың акшасын жеп не стерін білмей жүрген қазағымай» деп жазды олар.

Дегенмен экс-шенеуніктің арбаға таңылғаны таңданыс туғызды. Оның мұндай жағдайға түсуіне қатысты түрлі қауесеттер тараған.Тіпті "ақша бөле алмаған" деген сөздер желдей есіп жүр. Оның қаншалықты рас екені белгісіз. Экс-министртің мұндай кейпке түсуі  тіпті бірқатар жандардың жанашырлығын туғызды. 


Айта кетейік, Сауат Мыңбаев әр жылдары “Казкомбанк” пен Президент әкімшілігіне жетекші болды. Сондай-ақ ауылшаруашылығы, индустрия және сауда, энергетика мен минералдық ресурстар министрлігін басқарды. Одан бөлек “Самұрық”, “Қазмұнайгаз”, “Қазақстан теміржолы” Ұлттық компанияларына басшы болды.

Соңғы жаңалықтар