"Неге Мейрамбек, Сәкендер үнсіз, Мақпал апай ғана шырылдап жүр": Марқұм Арман Дүйсеновтің жары қазақ әншілеріне ренішін білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Неге Мейрамбек, Сәкендер үнсіз, Мақпал апай ғана шырылдап жүр": Марқұм Арман Дүйсеновтің жары қазақ әншілеріне ренішін білдірді

"Неге Мейрамбек, Сәкендер үнсіз, Мақпал апай ғана шырылдап жүр": Марқұм Арман Дүйсеновтің жары қазақ әншілеріне ренішін білдірді

Белгілі композитор, марқұм болған Арман Дүйсенов пен оның жан жары Айсұлу ханымның тағдыры елді елең еткізді.

  • 17 Қараша
  • 37
Stan.kz

Халық қазақ әншілерінің үнсіз отырғанына қынжылды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әнші, қазақ ән өнерінің падишасы Мақпал Жүнісова Айсұлу ханымға қолдау білдіріп, көпшілікке оған көмек көрсетуді сұрады.

«Далада қалдым, үйім жоқ деп жатыр. Оның бәрі әрине біздің жүрегімізге батады. Мен миллионердің әйелі емеспін. Менде артық ақша деген болмайды. Бай болсам өзім-ақ алып беретін едім.

Менің де туған-туыстарым, бауырларым бар. Анамның немерелері, қазір шөберелері бар деген сияқты. Айтады ғой қазақта, бір үйге бір адамға нәсіп береді деп.

Оның бәрі аспаннан түсіп жатқан жоқ, біресе ана жаққа, біресе мына жаққа ұшып кетемін. Әндетіп, концертімізді беріп жүріп, нәпақамызды тауып жүрміз», — деп түсіндір Мақпал Жүнісова.

Ол билік өкілдері мен барша жанашыр жандардан Арман Дүйсеновтің жан жарына көмек беруде сұрады.

Көпшілік әншіге қолдау білдіріп, оған жылы тілектерін жаудырып жатыр. Сондай-ақ халық арасында өзге қазақ әншілеріне наразы болып жатқандар да бар.

«Сәкен, Мейрамбектер неге үнсіз? Мақпал апай ғана жырылдап жүр», «Бәрі қайда кетті әншілер? Батыстан ібреу жоқ па, қарызын жауып беретін», «Әншілер осындайда жоқ болып кетеді» деп жазуда олар.

Перейти к новостям спорта