Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Аталған жайт қазағы аздау Өскемен жерінде болғанға ұқсайды.
"Ассалаумағалайкум, ағайын! Қал жағдайларыңыз қалай? Мен жаңа кафенің ішінде отырсам, бір кәрі жағдайы нашар екені көрініп тұр, орыстың кемпірі келіп маған айтады. "Почему ты нагло сидишь" деп, ішіп алған екені көрініп тұр. Өзіммен өзім отырғанмын.
"Я так нагло сижу. Потому что, на родине", дедім.
Мына мемлекеттегі жоғарғы жақта отырғандар. Мынаны бірдеңе істемесеңдер болмайды расында. Мынаның арты жаман болады. Енді ішіп алған өзге ұлт кемпірі келіп, айдалада отырған адамға келіп тиісу дұрыс емес. Бұл жақсылыққа апармайды", деп видео үндеу жолдады.