"Неге таратылды деп бір адам сұрамады". Облыстардың қалай жабылғанына куә болған журналист шындықты айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Неге таратылды деп бір адам сұрамады". Облыстардың қалай жабылғанына куә болған журналист шындықты айтты

"Неге таратылды деп бір адам сұрамады". Облыстардың қалай жабылғанына куә болған журналист шындықты айтты

Белігіл журналист Махат Садық 1996 жылы Қазақстандағы 3 облыстың (Семей, Жезқазған, Көкшетау обыстары) қалай бір күнде жабылығаны туралы айтып берді. Ал жалпы сол жылдары еліміздің 5 облысы таратылған болатын. 

  • 17 Наурыз 2022
  • 271
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Журналистің айтуынша,  премьер-министр Әкежан Қажыгелдинмен барған сапарында  "облыс неге тарап жатыр?" деп бір де бір адам сұрамапты. 

"Семей, Көкшетау, Жезқазған облыстары бір күнде қысқартуға түсті. Премьер Қажыгелдинмен 18 сағаттық сапарда үш облыстың жабылуына куә болғам. Сол бортпен КНБ, МВД, Қорғаныс министрлері, басқа да біраз басшылар бірге ұшты. Жиындар жарты сағаттан аспады. Мәжіліске облыс басшылар мен кіл аймақтың активист шалдарын шақырған. Әкежан Мағжанұлы Президент Жарлығын оқиды. Сосын сұрақ бар ма,- дейді. Үш рет қайталап сұрайды. Сұрақ жоқ. Екі-үш алдан-ала дайындап қойған ардагерлер "бұл дұрыс шешім" деп сайрап береді. Үкіметбасы "болды онда", деп жиынды жабады. Соңымыздан жүгіріп шыққан экс облыс әкімінің дастарханына да қарамай әуежайға зырлаймыз, келесі облысты жабуға. Өйткені олар да облыстарының жабылу салтанатына жиналып бізді асыға күтіп отыр ғой…

Аламатыға қайтарда Премьердің жанына жайғасып: Неге осы облыстар жабылды? Ең қиын экономикалық кризис кезінде де шыдадық қой,-деймін.


— Махат, сен куә болдың. Үш қаладағы жиында бір адам осы сұрақты қоя алмады ғой. Үш рет сұрақтарыңыз бар ма деп сұрадым! Аман болсақ, 6-7 жылдан соң бұл облыстар қайта ашылады, қара да тұр,-деп еді.

Олай болмады. Бірінші Президенітіміз елді ұзағырақ басқарып кетті. Транзит ұзағырақ созылып кетті..

Көптің тілегін Президенттік билік толық қолына тиген екінші айда, екінші Президентіміз шешіп тастады.

Ұзағынан болсын!!!", деп жазды Мақат Садық.

Еске салсақ, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауында Абай облысы, Жетісу және Ұлытау облыстарын ашу туралы ұсыныс айтты.