"Неге жасырып отыр?": Вирус жұқтырған тараздық дәрігердің жазбасы министрлікті аяғынан тік тұрғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Неге жасырып отыр?": Вирус жұқтырған тараздық дәрігердің жазбасы министрлікті аяғынан тік тұрғызды

"Неге жасырып отыр?": Вирус жұқтырған тараздық дәрігердің жазбасы министрлікті аяғынан тік тұрғызды

Коронавирус жұқтырып алған жұқпалы аурулар бойынша дәрігер Толқынай Ордабаева Меркен ауданындағы аурухана басшылығы медициналық қызметкерлерін қорғаныс материалдарымен қамтамасыз етпегеніне шағымданды.

  • 8 Сәуiр 2020
  • 17144
Фото - Caravan.kz

Ол өңірдегі былықты желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы zakon.kz-ға сілтеме жасап.

Ордабаева Меркен аудандық ауруханасында жұқпалы аурулар жөнінде дәрігер болып жұмыс істейтінін айтады. Оның айтуынша, медициналық мекеме әкімшілігі дәрігерлерге дәрі-дәрмек бермеген, олардың өзіне маска тіктіріп, оны қайта өңдеп киюге мәжбүрлеген. Бұл ақыры иммунитеттің төмендеуіне әкеліп соққан.

Қазіргі уақытта мен Тараз қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус инфекциясынан емделіп жатырмын. Карантинге алынған науқастардан жұмыс кезінде ауру жұқтырдым. Мені КВИ-мен ауыратын науқастың жанына орналастырған, ол да дәрігер, эпидемиолог. Жамбыл облысында коронавирусқа тексеру үшін қан қабылдамайды, ПЦР сынақтары жоқ, науқаспен байланысқа түскен адамдардан қайталап тест алынбайды. Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы медициналық қызметкерлердің арасында жұқтыру фактісі барын жасырып отыр. Неге мені жеке боксқа жатқызбайды? Дәрі-дәрмек пен қорғаныс материалдарына бөлінген ақша қайда кетті сонда? Неге облыста коронавирусқа ПЦР зерттеу жүргізілмейді, тест неге алынбайды? Жамбыл облысындағы медицина қызметкерлерінің коронавирус жұқтырғаны неге жасырылып отыр? Менің жұмыс кезінде коронавирус жұқтыруыма байланысты неге қызметтік тексеру жүргізілмейді, — деп жазды ол
Facebook
-тегі парақшасында.

Бұл жазбаға қатысты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бірден үн қатты. Ол Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасына мәселені шешуді тапсырды.

Людмила Бюрабекова, тез арада бұл мәселемен айналысыңыз! Медициналық қызметкердің қорғаныс ережелерін сақтау бөлігі бойынша тергеуді бастаңыз! Мен бұл мәселені жеке бақылауымда ұстаймын !, — деп жазды ол.

Қазақстанда 8 сәуірде сағат 13: 45 уақыты бойынша, коронавирус жұқтырудың 709 жағдайы тіркелді. 53 адам сауықты, жетеуі қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар