Естеріңізде болса, екі апта бұрын ғаламтор желісінде видео пайда болған еді. Мұнда «Ордабасының» бас бапкері Байсейітов пен «Ақтөбенің» бас директоры Васильев арасында телефон әңгімесі таспаға жазылған. Бүгінгі жиында арнайы мамандар осы телефон жазбасының шынайы немесе жалған екенін зерттеді.
Қазақстандық БАҚ өкілдерінің хабаралуынша, бұл жазба шынайы болып шықты. Яғни, Байсейітов пен Васильевтің арасындағы телефон әңгімесі, расымен де, болған. Ал әзірше ҚФФ бұл мамандарға, тіпті, қос клубқа қандай жаза қолданары белгісіз.