"Негізі менің күйеуім басқа...": Алтынай Жорабаева шын жолдасының кім екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Негізі менің күйеуім басқа...": Алтынай Жорабаева шын жолдасының кім екенін айтты

"Негізі менің күйеуім басқа...": Алтынай Жорабаева шын жолдасының кім екенін айтты

Желідегі оқырмандар Жорабаеваның шын күйеуі кім екенін шатастырып жатыр. Арасында журналистер де бар. 

  • 26 Қараша 2020
  • 7833
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Әнші Алтынай Жорабаева шатасып жатқандардың есіне шын күйеуінің кім екенін тағы бір мәрте еске салып қоюды жөн санаған секілді.

Инстаграм әлеуметтік желісінде:

"Тойханалар ашылмаса басқа елге кетеміз деп қорқытқан әншілер, шынымен де кетіп жатыр екен ғой, иә? Бәріне бірдей не болған? Енді Алтынай Жорабаева да Түркиядан үй алғанын айтты."- деген сан түрлі пікірлер жазылған болатын. Ал қате суретті еліміздегі медиа порталдардың бірі жарияласа керек. Онда Алтынайды қазіргі күйеуі емес, басқа біреу құшақтап тұр.

Бұл ақпаратты көрген Алтынай Жорабаева жолдасының басқа екендігін айтып, өзінің парақшасындағы Stories бөлімінде сурет жариялап, жазба қалдырды.

"Негізі мынау менің күйеуім. Суреттегі құрбым Мансияның күйеуі" — деп жазды әнші.


 
 
Түркиядан үй алып, көшіп жатқан әншілерге желідегі оқырмандар:
"Сендер кетсеңдер қайта жақсы болып қалушы едік","Фонограммасыз ән айтылсын деген соң қащып бара жатқан боларсыңдар","Шегірткелер жылы жаққа ұшып бара жатыр","Сендерсіз күніміз не болмақ","Ат айналып қазығын табар,қайтадан иттей болып келерсіңдер" — деген пікірлерді оқша жаудырды.
 
Еске салсақ, жақында әнші туған қыздарының өгей әкесімен бассейнде бірге шомылып жүрген видеосын жүктеген болатын. Аталған жайт елдің қызу талқысына түскен еді.