"Негрге тиді ме соның тегін алып кетсін": Журналист өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қыздар жайлы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Негрге тиді ме соның тегін алып кетсін": Журналист өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қыздар жайлы айтты

"Негрге тиді ме соның тегін алып кетсін": Журналист өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қыздар жайлы айтты

Журналист, әлеуметтік желідегі белсенді блогер Мөлдір Анарбаева өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қыздар жайлы айтты. Өзге ұлтпен бас қосқан қыздар сол елдің азаматтығын алсын деген ойын ортаға салды.

  • 13 Қазан 2021
  • 87
Фото - Caravan.kz

“Таң ата мына жаңалықты көріп таңғалдым. Қара нәсілге жігітке тұрмысқа шығып жатыр. Баламды босанып жатқанда қазақ әйелі менімен жатты. Мәскеуде түрікпен тұрады екен. Осы елдің азаматы болғандықтан келіп босанған. Түрік тегін берген. Бірақ жалғыз басты ана ретінде мемлекеттен жәрдемақы құжаттарын рәсімдеді. Баланы босанғанға дейінгі де, кейінгі де жәрдемақыны рәсімдеді”, – деп жазды Мөлдір Анарбаева.

Журналист өзге ұлттың етегінен ұстаған, өзге елде тұрып жатқан қыздар сол елдің жәрдемақысын алсын деп бастама жасады. Елге жаны ашымайтындар мемлекеттің көмегіне де қол тигізбесін деген пікір айтты.

“Бұл қатын түріктің Мәскеудегі әйелі ғана екен, өз елінде “түршәнкісі” бар. Өзі оқып та отырған болар, біздің санымызды бұлай көбейтудің қажеті жоқ!!! Негірге тиді ме соның тегін алып кетсін, түрікке тиді ме сол елдің жәрдемақысын алсын!!! Ал ала алмаса Отанына жанашыр ретінде елден де ештеңе алмасын!!! Әй бірақ намыстан бұрын сананы ақша билеген заманда қайдам”, – деді журналист.

Ал әріптесі Ербол Мәндібек ақ тілегін айтып, өз ойына түйгенін жазды.

“Бұл қыздың қазақи, қазақы тәрбие алғаны түрінен көрініп тұр. Тіпті қазақ салтымен ұзатылғанының өзі соны айтып тұр. Азаматтарды білмеймін қазақ қыздарының ұлттық коды мықты болады. Бұл қыз соны дәлелдеп берді”, –деп жазды ол.


Журналист сымбатты қыздарды іздемей, қазақ қыздарының бәріне бірдеу қарау керек дегенді айтты. Ал томпақ қарындасына алғыс айтып, бақыт тіледі.

“Жігіттер, қазақ қызы деген өлшемді 90/60/90 формуласына сыйғызу санасыздық және жүрексіздік. Тіпті имансыздық. Сұлулықты тәннен емес, жаннан тауып жүрген африкалық жігіттер құрлы бола алмадық. Көзімізді шығарған бұл тойды ойланбасақ әлі талай көреміз. Ойландырдың, топ-томпақ қарындасым. Бақытты бол деуден басқа сылтау жоқ бізде”, – деп жазды парақшасында.

Айта кетейік, Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының тумасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты. Нигерия азаматымен бас қосып, дүркіретіп ұзату тойын өткізді. Желіде ерекше жұптың тойдағы видео, фотосы таралып, талқыға түсті.

 

Соңғы жаңалықтар