Неймар: «Дубль авторы атанғаныма қуаныштымын - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неймар: «Дубль авторы атанғаныма қуаныштымын

Неймар: «Дубль авторы атанғаныма қуаныштымын

Әлем чемпионатының алғашқы матчы - Бразилия-Хорватия (3:1) кездесуiнде дубль авторы атанған бразилиялық шабуылшы Неймар ойынның қортынды есебiне және өзiнiң екi голына қанағаттанатындығын жеткiздi.

  • 13 Маусым 2014
  • 297
Фото - Caravan.kz

"Бұл ашылу матчтарының ең кереметi болды", — деп келтiредi ESPN Неймардың сөзiн. — Бiз жеңiске қатты ұмтылдық. Мен екi голдың авторы атанғаныма қуаныштымын. Екi гол да, сiздер байқасаңыздар, бiртүрлі соғылды. Бiрiншiсінде мен доп қорғаушының екi аяғының ортасынан өтiп кетсе екен деп едім, бiрақ соққы тым әлсiз едi. Дегенмен, бастысы гол болды. Мен пенальти соғар алдында көңiлiмдегi алаңдаушылықты қалай баса бiлдiм? Барлығы тәжiрибеге байланысты. Расымен, қақпашы менi аздап шошытты, бiрақ доп қақпаға дарыды. 

Айта кетейiк, Футболдан Әлем чемпионатының
алғашқы матчында
Бразилия құрама командасы Хорватияны 3:1 есебiмен тiзе бүктiрдi.

Матч Сан-Паулу қаласында "Арена Коринтианс" стадионында өттi. Бүгін чемпионаттың үш матчы болады. Камерун Мексикамен, Испания Нидерландымен, Чили Аустралиямен кездеседi.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера