Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мұсылманға төрт әйел алу қиын. Жақсы жағы да, кемшін тұстары да бар. Олардың бірі жақында көрініс тауып, үлкен жанжал туды.
Шындығында, кіші тоқал жасына байланысты қыңыр мінезді болып шықты. Бұл үлкен бәйбішелерге ұнамады. Ұзақ моральдық және этикалық нормаларды түсіндіру әрекеттері сәтсіз аяқталды. Мұның бір себебі оның ұлтының орыс болуы, ал мұсылман дәстүрлері көбінесе орыс адамының этикалық нормаларына қайшы келеді",- деп жазды Мұрат Телібеков.
Оның айтуынша, оқиға үлкен бәбішелерінің кіші тоқалды таяқпен тәрбиелеуге тырысуы барысында ушыққан.
"Үлкен үш әйел оның қыңырлығына ұзақ көніп келді, ақырында шыдай алмады. Оларды, әсіресе, кіші тоқалдың үй шаруасынан қашқақтап, өз кезегін күтпей-ақ неке төсегіне жиі келуі ашуландырды. Тағы бір моральдық тәрбиелеу әрекетінен кейін тоқал қайтадан бағынбаған кезде, олар оны ұрып-соғуды шешті.
Ақыры жанжал болды. Полиция келді, достары жүгіріп келді… Ренжіген келіншек үлкен бәйбішелерден таяқ жеді деп айтуға батылы жетпеді. Бүкіл әлемге оның үлкен әйелі емес, ең кішісі екенін жариялау намысына тиетін еді. Ол ойланбастан бәйбішелерді емес, күйеуін зорлады деп айыптады",- деді Телібеков.
Мұсылмандар Одағы жетекшісі тоқалын осы әрекеті үшін жазалапты.
"Мұндай қулықтан кейін ашуланған күйеуі оған өте ауыр жаза қолданды. Яғни оған бір ай бойы қасына төсегіне келуге тыйым салды. Әйел бұған шыдай алмады, көп ұзамай ол көпшілік алдында өз өкінішін жеткізді.
Кінәсін ашық мойындағанымен, жыныстық мораторий жойылған жоқ, бірақ жағдайды ескере отырып, 15 күнге дейін қысқарды",— деп жазды Мұрат Телібеков.