Неке түнінде қалыңдық «пәк» болмағаны үшін дау шығып, іс сотқа жеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неке түнінде қалыңдық «пәк» болмағаны үшін дау шығып, іс сотқа жеткен

Неке түнінде қалыңдық «пәк» болмағаны үшін дау шығып, іс сотқа жеткен

Тәжікстанның Дангара ауданында күйеуі «пәктігі жоқ деп» үйден қуып шыққан қалыңдықтың туыстары моральдық өтемақы ретінде күйеу баладан 10 мың сомони (880 доллар) талап етіп жатыр.

  • 2 Ақпан 2021
  • 93
Фото - Caravan.kz

Олардың сөзінше, сот-медициналық сараптама қалыңдықтың тойға дейін пәктігі болғанын растайтын анықтама берген. Ал күйеу жігіт болса, олар анықтаманы сатып алғанын айтып, керісінше қалың малға берген 10 мың сомониді қайтаруды талап етіп жатыр.

«Неке түнінде оның қыз емес екені белгілі болды. Мұны ол мойындап, жақын туыстарының бірімен жыныстық қатынаста болғанын айтты. Мен оның апасына қоңырау шалып, бәрін айттым. Ол мұны ешкімге айтпауымды өтінді. Олар қалың малға деп берген 10 мың сомониді бес күн ішінде қайтарып беретінін айтып, тілхат жазып берген», – дейді күйеу жігіт.

Бірақ қалыңдық тілхат жазып беруге мәжбүрлегенін айтады.


«Бір тәулік бөлмеге қамап қойып, 10 мың сомониді қайтарып беруді талап етті. Сосын туыстарым тілхатты жазып беріп, үйге қайтып келе бер деп айтты», – дейді қалыңдық.

Душанбедегі Республикалық сот-медициналық сараптама орталығының мәліметіне сәйкес, жыл сайын пәктік белгіні тексеруге 600-ге тарта өтініш түседі.

Тәжікстанда алғаш рет тұрмыс құрып жатқан жастар міндетті түрде медициналық тексеруден өтуі тиіс.