Неке туралы куәліктен "ерлі-зайыпты" атаулары алынып тасталмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неке туралы куәліктен "ерлі-зайыпты" атаулары алынып тасталмақ

Неке туралы куәліктен "ерлі-зайыпты" атаулары алынып тасталмақ

Польшада неке қию туралы куәліктердің жаңа үлгісін енгізу жоспарланып отыр. Құжатта дәстүрлі "күйеу" және "әйел" деген сөздердің орнына гендерлік бейтарап атаулар – "бірінші серіктес" және "екінші серіктес" қолданылмақ

  • 21 Қаңтар
  • 12
ФОТО: pixabay

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта тиісті өзгерістерді енгізетін заңнамалық актіні әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бастама Польшаны Еуроодақтың басқа елдерінде тіркелген біржынысты некелерді тануға міндеттейтін Еуропалық соттың қаулысына байланысты көтерілген.

Жаңа терминология неке жазбаларын біріздендіруге және еуропалық заңнама талаптарына сай келуге мүмкіндік береді, – деп жазылған мәліметте.