«Неке және отбасы туралы» Кодекстің жобасы үшінші оқылымда талқыға шығарылады
«Неке және отбасы туралы» Кодекстің жобасы Мәжілістің жалпы отырысында үшінші оқылымда талқыға шығарылады. |
Заң жобасын қарап шыққан Палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитеті осындай ұсыныспен шығып отыр.
Депутаттардан заң жобасының көптеген баптары бойынша қосымша ұсыныстар мен ескертпелер, сондай-ақ кейбір нормаларды нақтылау және оларды заң техникасының ережелеріне сәйкес келтіру жөнінде жекелеген ұсыныстар келіп түскен.
Барлық ұсыныстар салыстырма кестеге енгізілді, бірнеше рет жұмыс тобының отырыстарында талқыланып, қаралды.
Жобаны үшінші оқылымға әзірлеу барысында 50-ден астам ұсыныс түсті. Осы талқылаулардың қорытындылары бойынша салыстырма кесте қабылданған 393 позициядан тұрады.
Мәжілістің жалпы отырысында Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Динар Нөкетаева баяндама жасайтыны жоспарланған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін