Некеге тұрған жастарға пайызсыз несие беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 530.24
  • 543.97
0 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Некеге тұрған жастарға пайызсыз несие беріледі

Некеге тұрған жастарға пайызсыз несие беріледі

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 2025 жылды «Отбасы жылы» деп жариялап, бірқатар бастама ұсынды

  • 15 Қаңтар
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Негізгі бастамалардың бірі — некеге тұрған жастарға пайызсыз несиені енгізу болды. Несие сомасы 150 000 Түрік лирасын (шамамен 2,3 млн теңге) құрайды. Ол 48 айға беріледі. Бұл ретте несиені өтеу мерзімін екі жылға кейінге қалдыру тетіктері де қарастырылған. Бұл ұсыныс жас жұбайлардың қаржылық ауыртпалығын азайтып, олардың бірге бақытты өмір сүруіне септігін тигізеді.
Сонымен қатар, жаңа бағдарлама аясында бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшері де өседі: бірінші бала үшін ата-аналар 5 000 лира (шамамен 80 мың теңге) мөлшерінде біржолғы төлем алады;
екінші бала үшін ай сайын 1 500 лира төленеді (шамамен 23 мың теңге);
үшінші және әрбір кейінгі бала үшін отбасы ай сайын 5 000 лира алады (шамамен 80 мың теңге).
Президент Ердоған бұл шаралар отбасылардың әл-ауқатын жақсартуға, жас ата-аналарды қолдауға және бала туу көрсеткішін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

— Мықты отбасы — біздің қоғамның негізі. Жастар болашаққа сеніммен қарап, отбасын құруға ұмтылатындай жағдай жасауға міндеттіміз, — деді ол.
Айта кетейік, «2025 жыл — Отбасы жылы» бағдарламасы — Түркиядағы демографиялық жағдайды жақсартуға бағытталған Үкіметтің жан-жақты стратегиясы саналады. Бұл шаралар қоғамда қолдауға ие болып, түрлі сынға да тап болды. Бастаманы жақтаушылар оның демографиялық сын-қатерлерді шешудегі маңыздылығын атап өтсе, скептиктер азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін тереңдетілген экономикалық реформалардың қажет екенін алға тартады.