"Некеміз Америкада қиылды": Айгүл Иманбаева тұрмысқа шыққанын растады - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Некеміз Америкада қиылды": Айгүл Иманбаева тұрмысқа шыққанын растады

"Некеміз Америкада қиылды": Айгүл Иманбаева тұрмысқа шыққанын растады

Айгүл Иманбаева екінші рет тұрмысқа шықты.

  • 22 Тамыз
  • 80
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Мамский әңгіме» подкастына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Жалпы тылсым дүниелер менің күнделікті өмірімде болып жатады. Өзіме, болашағыма қатысты кейбір дүниелерді, картиналарды көремін. Оны қалай түсіндіретінімді де білмеймін. Тұрмысқа шыққан жігітті де 15 жыл бұрын көргенмін. Күнделігіме де болашақ жарымның түр-түсін, бойын, айтқан әңгімеміз бәрін жазып қойғанмын. Сол тілектерімнің орындалуы да тылсым дүние. Лондонға оқуға кетіп бара жатқанда барлығына құжаттарыңды дайындаңдар, менің тойымды шетелде болады деп айтатынмын. Кетіп бара жатып, достарыма күйеуіммен бір-ақ келемін дедім. Бірақ, ол кезде жігітім де жоқ болатын. Барған соң жігіт іздегенім де жоқ. Себебі, ағылшыным нашар, сабақ қиын, бір адамды танымаймын. Оқуға баспен кіріп кеттім. Солай жүргенде азаматыммен таныстым. Өзіммен жасты, 77 жылғы, тек алты ай кішілігі бар. Өзіммен тағдырлас ажырасқан жігіт. Алматының жігіті, руы найман. Он жылдан бері Америкада тұрады Бірінші мамандығы филолог, ҚазҰУ-ды бітірген. Қазір IT саласында. Қызы Лондонда оқиды. Ортақ достарымыз таныстырды. Сол кезде мына жігітті мен түсімде көргем, мына жігіт менің күйеуім дедім. Америкада мешітте некеміз қиылды. Мәһірге Lamborghini сұрадым. Тойымыз ақпан айында Майамиде болады», — дейді өнер иесі.