"Некеміздің шытынағаны рас": Асхат Садырбайдың екінші әйелімен ажырасуына не себеп? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Некеміздің шытынағаны рас": Асхат Садырбайдың екінші әйелімен ажырасуына не себеп?

"Некеміздің шытынағаны рас": Асхат Садырбайдың екінші әйелімен ажырасуына не себеп?

Белгілі журналист Асхат Садырбай екінші әйелімен ажырасқанын растады. Істің ақ-қарасын ажыратып алмай, осы істі дәйексіз жариялаған БАҚ өкілдерін де сотқа беретінін айтты.

  • 7 Ақпан 2020
  • 12086
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол instagram желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Мақсат осылайша ақталу емес, жауап беруге мәжбүрлеп отырғандықтарыңыздан жазамын

"Шындық шапанын киіп жатқанда, өтірік елді аралап үлгереді деген рас екен.
Көпшіліктен келіп жатқан сан түрлі комментарий мен сұраққа осы пост арқылы жауап берейін. Мақсат осылайша ақталу емес, жауап беруге мәжбүрлеп отырғандықтарыңыздан жазамын", — дейді Асхат Садырбай.

Журналист істің ақ-қарасын ажыратып алмай, осы істі дәйексіз жариялаған әріптестерін сотқа беретінін жариялады.

"Заңды некеміздің шытынағаны рас. Өмірде бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Әрекет адамнан, берекет Алладан. Ниетім де, ойым да түзу еді. Бірақ, екі адамнан құралатын одақта ниет те, ой да бір болмаса іс оңбайды, тірлік өнбейді екен. Оның үстіне әр ісіңе араласып, жеке өміріңе, отбасыңа үстемдік орнатқысы келетіндер, әр ісіңнен кемшілік іздеп, өтірікті шындай, шынды Құдай ұрғандай ғып шулатқыштар дегендеріне жетпей қоймады.
Елдің алдында азды-көпті іс атқарып, қайғылы сәттерде де, қуанышты күндерде де елмен бірге жүрген азамат болғандықтан елден ешуақытта ешнәрсені жасырған емеспін, жасырмаймын да. Бұл жолы да жасыру мүмкін емес. Себебі кейбір жандарға адами қарым-қатынас пен сыйластықтан гөрі басқа нәрселер қажеттірек болып тұр.
Кез-келген отбасыда келіспеушіліктер, өкпе-реніш болады. Оның барлығы екеуара шешіледі, болмаған жағдайда заң аясында, азаматтық тәртіпте қаралады. Кейбір ақпарат құралдары мәселенің мән-жайын, істің ақ-қарасын ажыратып алмай жатып дәйексіз әңгімені елге жариялап жіберген екен, жалған ақпарат берген адамдарды да, менің және баламның суретін рұқсатсыз жариялаған ақпарат құралдарын да сотқа беруге мәжбүрмін. Біріншіден бұл жалған ақпарат, екіншіден мені өз баласын қорлап жатыр деп жала жабу-ақылға сыймайды. Үшіншіден, бұл менің тал түсте тапталып жатқан азаматтық құқығым, төртіншіден менің атыма, іскерлік беделіме нұқсан келтірілуде. Әр сөзге дәлел болуы керек. Дәлелсіз, дәйексіз ойдан құрастырылған қиялға ешкім сенбейді", — деп жазды ол.

"Ешкім баланы анасынан айырайын деп жатқан жоқ"

Асхат Садырабй соттың шешімі шықпай тұрып байбалам салып жатқандарды орнына қойды.

"Соттың шешімі шықпай тұрып, тіпті сот болмай жатып байбалам салу-жаңбыр жаумай су болу сияқты. Ешкім баланы анасынан немесе әкесінен айырғалы жатқан жоқ. Бала мәселесі бойынша сотқа арыз берілді. Барлығы өз ретімен, тәртібімен қаралуда. Соттың шешімін күту керек", — деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы Асхат Садырбай белгілі әнші Ерке Есмаханмен шаңырақ көтеріп жұлдызды жұп екі жылдан кейін ажырасып кеткен болатын. Тележүргізуші 2014 жылы Тараздық ару Айғаным есімді аруға үйленді, олардың Зейін есімді ұлдары бар.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Askhat SADYRBAY (@askhatsadyrbay) on

 

Соңғы жаңалықтар