Бұл туралы ол Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Аяғым ауыр кезде жасым 27-де болды. Некесіз баланы дүниеге әкелдім. Әке-шегем үшін де, өзім үшін де қиын заман болды. Бірақ баланы дүниеге әкелемін деген шешім қабылдадым. Мен ерке қыз болып өстім, отбасымнан махаббатты жеткілікті деңгейде алдым. Ішкі күштілігім кішкентай кезімнен бастау алады деп ойлаймын. Дегенмен, ұялу, қорқу да болды. Мен ауылдағы керемет, ерке қыз болып өстім. Ал мынадай жағдай болғанда көп адамдар мені сөкті, өсектеді деп ойлаймын. Әке-шешем де шок болды. Сол уақытта не болды деп ойбайлаймыз. Бірақ, құдай маған баланы солай бергенін қазір түсіндім. Аборт жасамаймын, баланы қалдырамын деген шешімді бірден қабылдадым. Аяғым ауыр екенін Италияда оқып жүргенде білдім. Қазақстанда бүлдіріп, Италияға қашып кеттім. Елге келгенде үлкен тосын сый болды. Бірінші анамның сіңлісіне айтып қойғанмын. Мен келгенде бәрі дайын болды. Ешкім ұрыспады. Біз кейде проблемаға алыстан қарасақ, барлығын түсінеміз. Мысалы, мен сол уақытта тұрмысқа шықсам, мүмкін Аида Кауменова деген атақты дизайнер болмай кететін едім. Қызымның әкесі маған тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасамады. Басы бос болды, бірақ үйленуге дайын болмады. Тағдыр солай”, — дейді ол.
Дизайнер кейіннен екі рет тұрмыста болғанын да жасырмады.
”Екі рет тұрмысқа шықтым. Алғашқы жұбайыммен төрт жыл тұрдым. Уақыт өтіп кетті ме, немесе отбасымның қолдауы ма сондай қатты қиын болмады. Жоғары оқу орнын бітірдім, білімім болды. Аналары ауырып, үйінде тамақтары болмаған қаншама қыздарды білемін. Қазір солар қандай мықты адамдар болып жатыр. Қазақта тек деген дүние бар. Ол бекер емес. Текпен берілген даналық адамның мықтылығына өз үлесін қосады”, — дейді ол.