Nelson Resources Ltd Солтүстік Бұзашы кенішінің 50 проценттік үлесін CNPC корпорациясынан сатып алмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Nelson Resources Ltd Солтүстік Бұзашы кенішінің 50 проценттік үлесін CNPC корпорациясынан сатып алмақшы

Nelson Resources Ltd Солтүстік Бұзашы кенішінің 50 проценттік үлесін CNPC корпорациясынан сатып алмақшы

Канаданың Nelson Resources Ltd компаниясы Маңғыстау облысындағы Солтүстік Бұзашы кенішінің 50 проценттік үлесін Қытай Ұлттық корпорациясынан (CNPC) 90 млн. долларға сатып алмақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Тексако Норс Бузачи Инк" (СП "Texaco North Buzachi) компаниясындағы ақпарат көзінен хабарлады.

  • 19 Желтоқсан 2003
  • 739
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің хабарлауынша, қазір осы бағытта келіссөздер жүргізілуде. Келіссөзді Қазақстан үкіметі мақұлдауы тиіс. Солтүстік Бұзашы кенішін ендігі жерде Nelson мен CNPC бірлесе қаржыландырады.

Маңғыстау облысының әкімі Болат Палымбетовтың бұған дейін хабарлағанындай, CNPC Солтүстік Бұзашы кенішінде толыққанды мұнай өндіру жұмысына жуық арада кіріспекші, ал қазір кеніш тәжірибелік тұрғыда пайдаланылуда.
Оның айтуынша, қытайлық компанияның жобаға қатысты жоспары үлкен. Айталық ол мұнай өндіру көлемін қазіргі 300 мың тоннадан жылына 1 млн. тоннаға дейін жеткізбек ниетте. Бұған дейін Солтүстік Бұзашы кенішін өнеркәсіптік пайдалану жобасын жүзеге асыруға ChevronTexaco компаниясы үлкен үміт артқан, алайда, ол бір жыл бойы үкімет тарапынан қолдау таба алмады.
Бұл кеніштегі алып пайдалануға болатын көмірсутегі шикізатының қоры 300-500 млн. баррельге бағаланып отыр. Ал кеніштің потенциалдық қоры 1 млрд. баррельге жетуі мүмкін.
Кенішті кең көлемді игеру жөніндегі мемлекет тарапынан мақұлданған жоспарға сәйкес, тәулігіне 40 мың баррель мұнай өндіретін ең жоғары өнім өндіру мүмкіндігіне 2017-жылға дейін қол жеткізіледі деп күтілуде. Алайда Nelson мен CNPC бұл көлемді 2009-жылы игеруге ұсыныс жасап отыр.
Солтүстік Бұзашы кеніші Қаламқас-Ақтау мұнай құбырынан 18 шақырымда орналасқандықтан мұнайды экспорттық рыноктарға шығаруға мүмкіндік толық.
Бірақ сауда-саттықты үкімет мақұлдауы тиіс.
Nelson мен «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ еліміздің батыс бөлігіндегі Әлібекмола және Қожасай кеніштерін игеруге лицензия алған KazakhOil Aktobe LLP компаниясын 50 проценттен тең бөліп иемденеді.
Сондай-ақ, Nelson мен «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ арасындағы келісімге сәйкес, компанияға Zhambai LLP -ден 25 проценттік үлес иемденуге опцион беріледі. Жамбай компаниясы сондай-ақ, Каспий теңізінің жағалауындағы Оңтүстік Жамбай Оңтүстік Забурунье блоктарын пайдалануға және энергетикалық тұрғыда зерттеуге лицензия алған.
CNPC компаниясы 1997-жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп келеді. Бұл компания жылына 5 млн. тонна мұнай өндіретін «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ-ның 85 процент акциясын иемденеді. Бұл кәсіпорын биылғы жаздан бастап өндірген мұнайын КТК құбыр жүйесі арқылы тасымалдай бастады. Сондай-ақ, «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ мен CNPC компаниясы Қазақстан мұнайын Қытайдың батыс аймақтарына экспорттауға бағытталған мұнай құбырын тарту жөніндегі жобаның техника-экономикалық негіздемесін биылғы жылдың соңына дейін жасап шығару туралы келісімге келген.

Соңғы жаңалықтар