Неміс дәрігерлері Солтүстік Қазақстан облысында құрт ауруымен күрес жөніндегі қайырымдылық жобасын жүзеге асыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неміс дәрігерлері Солтүстік Қазақстан облысында құрт ауруымен күрес жөніндегі қайырымдылық жобасын жүзеге асыруда

Неміс дәрігерлері Солтүстік Қазақстан облысында құрт ауруымен күрес жөніндегі қайырымдылық жобасын жүзеге асыруда

Құрт ауруымен күрес жөніндегі қайырымдылық жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына Германиядан медициналық құрал-жабдықтар жөніндегі мамандардан құралған дәрігерлер тобы келді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінен хабарлады.

  • 4 Ақпан 2005
  • 541
Фото - Caravan.kz

Жоба құрт ауруына қарсы медициналық мекемелерді қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталады. Сапар барысында германиялық дәрігерлер облыстық тубдиспансер мен барлық аудандық құрт ауруларын емдеу жөніндегі ауруханалардың сұранысымен танысады. Осындай таныстық негізінде Германиялық мамандар облыстағы құрт ауруына қарсы күрес мекемелеріне қажетті құрал-жабдықтар, аппараттар, жабдықтардың қосалқы бөлшектерінің тізімін жасамақ. «Қажетті құрал-жабдықтар мүмкіндігінше таяу уақыттарда Германиядан жеткізіледі»,- дейді облыстық денсаулық сақтау департаментіндегілер.

Департамент мәліметіне сәйкес, 2004-жылы Солтүстік Қазақстан облысында 2003-жылғымен салыстырғанда құрт ауруына шалдыққандар саны 26 проент артық болды.