Неміс кәсіпкерлері Қазақстанға қызығушылық танытуда - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неміс кәсіпкерлері Қазақстанға қызығушылық танытуда

Неміс кәсіпкерлері Қазақстанға қызығушылық танытуда

Рейнланд-Пфальц федералдық жерінің Agero Group және GETI (German Engineering Trade Investment) GmbH Берлин қаласы компанияларының басшылығы құрамындағы неміс кәсіпкерлік делегациясы жұмыс сапарымен Астанада болып қайтты.

  • 11 Қараша 2013
  • 476
Фото - Caravan.kz


Қазақстандық жеке компаниялар, мемлекеттік органдар, даму институттары мен іскерлік бірлестіктер өкілдерімен болған кездесулер мен келіссөздер барысында, «жасыл экономика», қалдықтарды өндеу, ауыл шаруашылығы, құрылыс, технологиялар және инновациялар трансферті сияқты салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, қонақтар бірқатар өндірістік кәсіпорындарда болып, шаруашылық іс-әрекеттер жүргізу жағдайымен танысты. Өткен сапардың нәтижелері бойынша өзара ынтымақтастық орнату салалары анықталып, қазақстандық экономиканың басымды секторларында бірлескен жобаларды іске асыру жайлы маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді. Басты назар әсіресе, Астанада 2017 жылы ұйымдастырылатын Халықаралық ЭКСПО көрмесіне аударылды.