Неміс сарапшылары: табылған адам сүйектері - банкирлер Темірәлиев пен Хасеновтікі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неміс сарапшылары: табылған адам сүйектері - банкирлер Темірәлиев пен Хасеновтікі

Неміс сарапшылары: табылған адам сүйектері - банкирлер Темірәлиев пен Хасеновтікі

Алматы қаласының маңында Ремизовка елді мекенінде табылған адам сүйектерін идентификациялауға қатысқан Берлиндегі «Шаритэ» медициналық университетінің құқықтық медицина институтының директоры Михаэль Тсокосқаңқаға айналған фрагменттершынымен де банкирлер Жолдас Темірәлмев пен Айбар Хасеновтікі екеніне сенімді.

  • 16 Маусым 2011
  • 488
Фото - Caravan.kz

«Табылған адам сүйектері Темірәлиев пен Хасеновтың сүйектері екенін қуаттаймын. Біз мұны біздегі тергеу генетикасы бөлімінде жүргізілген ДНҚ сараптамасының нәтижесі бойынша қуаттадық», – деп мәлім етті медицина докторы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

Ол неміс сарапшылары табылған сүйек қалдықтарының сүйектері мен тістерін зерттегенін айтты. Ал салыстыру үшін жәбірленушілердің балалары мен әйелдерінің сынамалары пайдаланылды.

«Сараптаманың нәтижесінде сынамалардың бәрі бір отбасыныкі екені анықталды», – деді профессор М.Тсокос,ол сүйектердің басқа адамдардікі екенін мүлдем жоққа шығарды.

Тақырыпты жалғастырған неміс сарапшысы сараптама жасау барысында ешқандай қиындықтар туындамағанын айтты. Ол зерттеу жұмыстарына қысқа уақыт берілгенін де айтты.

«Әдетте мұндай зерттеулерге бірнеше күн кетеді, біз мұндай жұмысты күнде жасаймыз. Бұл жағдайда ұзақтылыққа байланысты қиын болды, сүйектерді әктас жеп тастағандықтан, бізге сараптама жасауға бірнеше апта кетті», — деді М.Тсокос.

Ол сарапшыларға сүйек материалынан бірнеше рет сынама алып, оларды ДНҚ сараптамасын жасау үшін арнайы технология бойынша дайындауға тура келгенін айтты.

Сонымен бірге, М.Тсокос сараптама өте қысқа уақытта жасалғанын және «мұны бұдан да тез жасай алатындар табыла қоймас» деді.

Бұрын хабарланғандай, 2011 жылдың 13 мамырында «Қазтелерадионың» Алматы қаласының маңындағы қойма базасының аумағында 3-3,5 метр тереңдіктен 2 адамның мәйіті қазып алынды, олар металл бөшкелерге салынып, үстерінен әктас себіліп, көмілген.

Құқық қорғау органдары алдын ала тексеру бойынша, бұл Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтың мәйіттері деген болжам жасады.

Еске сала кетейік, Нұрбанктің топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов 2007 жылдың қаңтар айының соңында із-түссіз жоғалды. Құқық қорғау органдары олардың жоғалуына Рахат Әлиевтің қатысы бар деп күдіктенген болатын, ол банктің ірі акционері болған.

2008 жылдың 15 қаңтарында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты «Нұрбанктің» топ-менеджерлерін ұрлады, рейдерлік жасады деп айыпталған Р. Әлиевті мүлкін тәркілеумен, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеумен 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

2008 жылдың 26 наурызында Ақмола гарнизонының әскери соты Р. Әливті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы сырттай үкім шығарды. Сот Р. Әлиевті билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекеттер, басқа да әскери қылмыстар жасағаны үшін айыпты деп таныды. Атап айтқанда, мемлекеттік құпияларды заңсыз алу және жариялау, атыс қаруы мен жарақтарды ұрлау, билікті, қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану, ірі көлемде мемлекеттік мүлікті жымқыру.

Рахат Әлиевтің өзі Twitter арқылы «Нұрбанктің» топ-менеджерлерін өлтіруге қатысы жоқтығын хабарлады. .«Маған кісі өлтірді деп тағылып отырған айыптауларды мойындамаймын және бұған ешқандай қатысым жоқ деп ресми түрде жариялаймын», — делінген Р. Әлиевтің есіміндегі Twitter парақшасында.

Соңғы жаңалықтар