Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.
Қазіргі таңда 2500 еуро қаражатты қазақстандық 6 ардагер алған. Олардың бәрі Оңтүстік Қазақстан аумағында тұрады.
Еске сала кетсек, Германия үкіметі өтемақы төлеу туралы шешімді өткен жылы қабылдаған еді. Қазақстаннан 11 адам өтініш берген. Қазір көзі тірі бұрынғы әскери тұтқындар тарапынан қосыша өтініштер келіп жатыр. Жалпы неміс фашистерінің тұтқынына 200 мыңдай қазақстандық болған. Олардың көбісінің тағдыры қайғылы аяқталған.
“Әкеміз 97 жаста. Алған барлық ақшаны ол кісінің денсаулығы, емі, тамағы мен жағдайы үшін жұмсаймыз”, – деді соғыс ардагерінің ұлы Мұхит Адасов.