Ненад Лалович: Олимпиадада мықтылар күресуі керек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ненад Лалович: Олимпиадада мықтылар күресуі керек

Ненад Лалович: Олимпиадада мықтылар күресуі керек

Халықаралық спорт федерациялары олимпиадаға іріктеу турнирлерін объективті себеппен кейінге қалдыруға немесе мүлде өткізбеуге мәжбүр болып отыр.

  • 13 Сәуiр 2021
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Olympic.kz сайтына сұхбат берген Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Атқарушы комитетінің мүшесі әрі Біріккен күрес әлемінің (UWW) президенті Ненад Лалович айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Меніңше, барлық халықаралық федерациялар іріктеу жарысын өз деңгейінде өткізу үшін бар күшін салды. Бірақ кейде бұл мүлде мүмкін емес, өйткені, алдыңнан барлық шектеулер шығады. Оның ішінде логистика, транспорт, виза бар. Кейбір елдер толығымен оқшауланған, кейбір елдер іріктеу турнирлеріне қатысқан да жоқ. Жарысты қабылдайтын кейбір қалалар билііктің спортпен шұғылдануына шектеу қоюына байланысты бәсекені ұйымдастыра алмайды. Яғни, кейбір спорт түрлерінің жарысты өз деңгейінде өткізе алмағанының басты себептері осы. Алайда, олар Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларды іріктеудің амалын табары анық», — дейді Лалович мырза.

Біріккен күрес әлемі президентінің айтуынша, UWW өзінің жарыс күнтізбесін сақтай алатын санаулы халықаралық федерациялардың бірі.

«Біз спорттық күнтізбені сақтай алған азғантай халықаралық ұйымдардың біріміз деп ойлаймын. Балуандар Олимпиада ойындарына адал жолмен, күресу арқылы жолдама алу үшін бар амалды жасадық. Бұл біздің басты мақсатымыз. Олимпиадалық қозғалыстың та түпкі идеясы осыған саяды. Олимпиадада күресетін балуандар өз мықтылықтарын іріктеу кезеңінде көрсету қажет. Сол себепті, біз бұл жарысты өткізгіміз келді. Сондай-ақ, әлемдегі қазіргі жағдайға бейімделуді де көздедік», — дейді Ненад Лалович.

UWW басшысының айтуынша, Қазақстан күрес түрлерінен олимпиадаға іріктеу турнирін ұйымдастыру барысында үлкен жұмыс атқарып, спортшылар мен жалпы турнирге қатысушылардың қауіпсіздігін сақтау жолында барлық қауіпсіздік талаптарын сақтады. Сондай-ақ, ол Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың дамуына баға беріп, ғаламдық пандемияға байланысты қойылған шектеулер Олимпиада ойындарына қатысушылар санына сөзсіз әсер ететінін айтты.

«Мен Қазақстан ҰОК қызметін 2013 жылдан бері бақылап келемін. Бұл көпшілікке үлгі болардай жұмыс. Қазақстан ҰОК олимпиадалық қозғалысты дамытуға үлкен үлес қосып келеді, сіздердің кейбір жобаларыңызды біз басқа да ҰОК-терге үлгкі етеміз. Біз Қазақстандағы Олимпиадалық жарыстардың, Олимпиадалық өмірдің және Олимпиадалық рухтың алға қадам басқанын көріп отырмыз. Сіздің ел командасының Токио ойындарына қатысуы туралы не айтуға болады? Риода Қазақстан командасы жақсы құраммен көрінді, сіздердің спортшыларымыз көп медаль жеңіп алды. Сондықтан, Қазақстан делегациясы Токиода да көлемді болады деп ойлаймын. Бірақ Токио ойындарына қатысатын спортшылар саны Рио Олимпиадасынан 2000-ға кем болатынын ұмытпау керек. Бұл барлық ҰОК-тер делегациясына әсер етеді. Одан бөлек, қонақтар да, көрермендер де болмайды. Токиода барлық бағдарламалар да өткізілмейді. Олимпиадалық жанұяға және қонақтарға арналған бағдарламадар ұйымдастырылмайды», — деп атап өтті Лалович мырза.

Айта кетелік, 9-11 сәуір аралығында Алматыда күрес түрлерінен олимпиадаға іріктеу турнирі өтіп, қазақстандық балуандар 3 лицензия жеңіп алды. Бұған дейін күрес түрлерінен 8 жолдама еншілеген едік. Бүгінде Қазақстан командасының еншісінде спорттың 21 түрінен 48 лицензия бар.