Непалда автобус жарға құлап Үндістаннан қажыға бара жатқан 17 адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Непалда автобус жарға құлап Үндістаннан қажыға бара жатқан 17 адам қайтыс болды

Непалда автобус жарға құлап Үндістаннан қажыға бара жатқан 17 адам қайтыс болды

Қажыға бара жатқан 45 үнді азаматы мінген автобус Непалдың таулы жолында жарға құлап, 17 адам қайтыс болды, деп бүгін Би-би-си телерадиокорпорациясы мәлімдеді.

  • 22 Сәуiр 2015
  • 640
Фото - Caravan.kz


Үнді штаты Гуджараттан туристер Непал астанасы Катманға келе жатқан. Қажыға барғандар мінген автобус таулы жерде 300 метр биіктіктегі жардан өзенге құлап кеткен.
Nepali Times мәлімдегендей, 12 жолаушы сол жерде көз жұмып, тағы бір адам жедел жәрдем ішінде қайтыс болған. Катманду ауруханасында төртеуін дәрігерлер аман алып қала алмады. Алты адамның жағдайы ауыр.
Апат себебі анықталуда.