«Пысықтау кезеңін өткізу кезінде полиция қызметкерлері мен балық инспекциясы бірлесе отырып 315 рейдтік шараны өткізіп, 213 заң бұзушылықты анықтады. Балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 181 заң бұзушы тартылып, 635 392 теңгеге айыппұл салынып, 586 336 теңге алынды «, -деп ақпарат берді Б. Сүлейменов.
Ол хабарлағанындай, сотқа 31 іс материалы тапсырылып 465 келі заңсыз ауланған балық тәркіленді. Сондай-ақ, 9 қайық, 384 ау (25 келіден асады), 91948 мың теңгеге келтірілген шығынның орны толтырылды.
Брифингтен кейін, басқарманың аумағында пысықтау кезеңінде тәркіленген балық аулау құралдары, браконьерлік аулар өртелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті