Және журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында отбасылық құпиясы туралы да ашық айтты, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы
Журналист Құралай Ошақбаеваға "Қанша рет измена жасалды?" деген сауалын қояды.
"Жаңадан үйленген жылдары болды. Негізі менің психологияға келуім отбасымыздағы сондай процесстерден болды. Содан кейін мен көп іздендім. Оқып, психологқа барып. Отбасымызды бір қалыпқа келтіріп алды", — деген ол.
"Қазір бетіне басасыз ба?" деген журналист сауалына "Жоқ. Менің тіпті, ол жағдайға алғысым шексіз. Егер де ол жағдай орын алмаса мен әлі Қошмамбетте (ауылда) сиыр сауып отырар едім", — деген.
Сондай-ақ, өзіне айтылып жүрген "Елді алдап ақша таптың" деген пікірге қатысты ойын да жеткізген.
"Кім таппай жатыр? Вагон-вагонымен елдер жұтып жатыр. Мен бір 3000 теңгеге онлайн сабақ өткізіп едім. Есесіне мен салық төлеймін. 2008 жылдан бері жеке кәсіпкермін. Менің шын ниетім мен білгенді ел білсе екен дедім. Бәрібір, тәжікі бар, орысы бар қазаққа сабақ өткізіп, келіп, 100 мыңнан, миллионнан алып жатыр. Неге қазақтың бір Құралайы шыққан кезде соны біз таптап, тістеп шашып тастаймыз. Мен Жетісай, Қостанайларға барғанда тіпті тегін шақырамын елді. Конкурс жасаймын. Зал толып тұрсын деймін. "Залы толып кетіпті" деген атақты жақсы көремін. Елдің бәрі есі шығып "Құралай мыстан" деп жатады. Қайтемін? Болсақ, болыппыз. Кешіріңіздер енді", — дейді Құралай ханым.