"Несие алу үшін барлық банктен өтініш түскен": Айгүл Мүкей алаяқтардың құрығына ілінді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.34
  • 556.34
+11 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Несие алу үшін барлық банктен өтініш түскен": Айгүл Мүкей алаяқтардың құрығына ілінді

"Несие алу үшін барлық банктен өтініш түскен": Айгүл Мүкей алаяқтардың құрығына ілінді

Белгілі журналист Айгүл Мүкей оған алаяқтардың қоңырау шалып, тіпті олардың айтқандарына сеніп қалғанын да айтты.

  • 2 Сәуiр
  • 103
Stan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айгүл Мұкей таңертең өзіне «Энергосбыт» өкілімін деп таныстырған бейтаныс біреу қоңырау шалғанын айтты. Тележүргізуші бастапқыда еш күмәнданбаған, өйткені бұған дейін үйіне аталған компанияның мамандары бірнеше рет келген екен.

Қоңырау шалған адам есептегіштерді ауыстыру үшін келгісі келетінін айтқан.

«Ол маған «сізге хабарлама кетті, маған жіберіңіз» дейді. Басында түк түсінбедім, ол хабарлама маған келмеді, сосын барып келді. 1414-тен келген хабарламаны айтыңыз дейді. Маған 1414-тен «Энергосбыт» деп ешқашан да қоңырау шалған емес. Екі сағаттан кейін маған «Сәлеметсіз бе, мен Елизавета Андреева Есімовамын. Еговтан хабарласып тұрмын» дейді», — деді тележүргізуші.

Қоңырау шалған әйел Мүкейдің EGov порталындағы жеке кабинеті арқылы бірнеше мәрте кіруге әрекет жасалғанын хабарлаған. Артынша, тележүргізушінің атынан барлық банктерге несие алуға өтінімдер берілгенін мәлімдеген.

«Мен не істерімді білмедім. Күйеуім де «Айгуля, ол да алаяқ» деді. Мен «жоқ, алаяқ емес» деп қоямын. Ол маған қазір біз Ұлттық банк пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз түсіреміз деді. Мен тұтқаны қойып тастадым, сосын маған ол жазып бастады. Ол маған ұрысып, «тұтқаны неге қоясыз» дейді. Мен «Ұлттық банкке барамын» дедім. Ол «сіз ұлттық банктің не екенін білесіз бе? Олар не арыз қабылдайтын бе еді?» деді. Содан менен де, одан да арыз қабылдамайтынын түсіндім», — деді Айгүл Мүкей.