«1961-1962 жылдар аралығында небәрі 2 жыл ішінде 68 сынақ жүргізіліпті. Тіпті 1962-жылдың қыркүйек айының өзінде 15 жарылыс болған. Сонда ядролық қару 2 күн сайын жарылып отырды. Мұны халыққа жасалған қастандық, зұлымдық деп ойлаймын. Халықтың ашу-ызасы осы қозғалыстың пайда болуына ықпал етті»,-деді тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Фарида Жаханқызы.
Семейдегі тарихи-өлкетану мұражай бұрынғы Семей полигонына қатысты құжаттарды 1980 жылдан бері жинап келеді. Кезінде жарияланбаған, құпия болған деректердің 700 ден астамы осы мұражайда сақтаулы. Олардың бірқатары «Невада-Семей» қозғалысына арналған көрмеден орын алды.