Невель қаласында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Невель қаласында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске алды

Невель қаласында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске алды

Псковск облысының Невель қаласында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 90 жылдығына арналған іс-шаралар өтті.

  • 25 Қазан 2012
  • 1461
Фото - Caravan.kz

Еске алу шараларына қалалық әкімшіліктің өкілдері, ресейлік қоғамдық бірлестіктердің белсенділері, Мәскеуде тұратын отандастарымыз, сондай-ақ ҚР-ның РФ-дағы дипломатиялық миссиясының қызметкерлері қатысты.

Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, еске алу күнін Невель ауданының әкімшілігі ұйымдастырды. «1978 жылы қалада М. Мәметованың ескерткіші орнатылды, оның есімімен Невельдегі көшелердің бірі аталған», — делінген хабарламада.

Еске алу шараларының барысында мемлекеттік органдардың, саяси партия өкілдерінің, қала жұртшылығының қатысуымен митинг өтті. Олар Орталық әскери жерлеу зиратына барып, М. Мәметованың бейітіне гүл шоқтарын қойды.

Сол күні М. Мәметова көшесінің бойында орналасқан қалалық гимназияда ашық сабақ өткізілді. Невельдің Ұлы Отан соғысы мұражайында өлкентану оқытулары мен «Біздің Мәншүк», «Бір ерліктің оқиғасы» тақырыптары шеңберінде әңгімелер айтылды.

Соңғы жаңалықтар