Нибали, Ару және Дьяченко Джиро дель Трентино тартысына сақадай-сай - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нибали, Ару және Дьяченко Джиро дель Трентино тартысына сақадай-сай

Нибали, Ару және Дьяченко Джиро дель Трентино тартысына сақадай-сай

Astana Pro Team Италияның солтүстігінде өтетін таулы веложарыс - Джиро дель Трентинода өз мүмкіндіктерін, бабы мен бағын сынап көру үшін тауға машықтанған велошабандоздармен аттанды,

  • 16 Сәуiр 2013
  • 364
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады команданың ресми сайты.

Велододаға қатысатын команданың басым бөлігі Трентиноға Тенерифте өткен 19 күндік оқу-жаттығу жиынынан кейін жиналады. Команданың спорттық директоры Александр Шефер Австрияның Линцасынан басталатын төрт күндік жарыста велошабандоздардың Giro dItalia-ға дайындығы пысықталып, бүгінгі мүмкіндіктері сараланатынын айтады.

«Giro dItalia алдында жасалған тізім күн өте қысқарып келеді. Тенерифтегі дайындықтан соң біз қысқа болса да, оңай тимейтін жарысқа жастарымызды қолдау үшін Трентиноға бара жатырмыз. Фабио Ару мен Александр Дьяченконың өнерін асыға күтеміз. Олардың көктемгі жарыстарда салынған салмақтарға қаншалықты бейімделгенін және азулы велошабандоздармен иық тірестіре жеңіске таласатын пелотонда өздерін қаншалықты сенімді ұстайтындарын көргіміз келеді. Сондай-ақ жарыстың алғашқы күні командалық сында команда тұтастығында байқамақ ойымыз бар», — деді Шефер.

Astana Pro Team құрамы:
• Винченцо Нибали (Италия).

Паоло Тиралонго (Италия).

Валерио Аньоли (Италия).

Алессандро Ванотти (Италия).

Танел Кангерт (Эстония).

Фредрик Кессякофф (Швеция).

Александр Дьяченко (Қазақстан).

Фабио Ару (Италия).

Команда штаты:

Спорттық директор Джузеппе Мартинелли.

Спорттық директор ассистенті Александр Шефер.

Дәрігер Андреа Андреаццоли.

Механик Габриэле Тоссело.

Механик Роберто Астори.

Механик Хавьер Лопес.

Массажшы Микеле Паллини.

Массажшы Умберто Инсельвини.

Массажшы Оскар Сатурни.

Астана менеджері Джузеппе Мартинелли Тенерифте болған оқу-жаттығу жиыны ойдағыдай өткенін алға тартып, Испания аралында өткен үш апта ішінде велошабандоздардың дайындығы жоғары деңгейде екенін айтады.

«Еуропада наурыз бен сәуір айларында ауа райы өте суық болды. Жарыстардың басым көпшілігі жаңбыр мен жауған қардың астында өтті. Біз өткен жылы Нибали бастаған негізгі төрт-бес велошабандозымызбен 2013 жылғы маусымға дайындық мақсатында Тенерифте бас қосуды жоспарлаған болатынбыз. Бельгия, Баск елдері мен Италия қарға оранып жатқанда, біз жылы ауа райын серік етіп, толыққанды жаттығу өткізе алдық», — деді Мартинелли.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера