«Қазақстан азаматтары: Панченко Любовь (1956), Панченко Марина (1983), Панченко Сильвия (2013) мен Отто Наталья (1959) Ниццадағы лаңкестіктің құрбандары болды. Туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтамыз. Қазақстан СІМ қаза болғандардың туыстарына барлық қажет көмекті көрсететін болады», — делінген ҚР СІМ-нің Твиттер арқылы таратқан хабарламасында.
Еске сала кетейік, 14 шілде күні Ниццада орын алған лаңкестіктен соң, сонда болған қазақстандық бір отбасының із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.