Нидерланды Антарктида мұздықтарының еруі салдарынан су астында қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нидерланды Антарктида мұздықтарының еруі салдарынан су астында қалуы мүмкін

Нидерланды Антарктида мұздықтарының еруі салдарынан су астында қалуы мүмкін

Батыс Антарктида мұздықтарының еруі Нидерланды, Бангладеш және Тувалу сияқты мемлекеттердің су астында қалуының себебі болуы ықтимал.

  • 24 Желтоқсан 2012
  • 314
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Огайо штатындағы Университет ғалымдарының зерттеуінде айтылады.

«Құрлықтың батыс бөлігіндегі мұз жабынының температурасы біздің бұған дейінгі шамалауымыздан екі еседей жылдам өсуде», — деп атап өтілген климатологтардың баяндамасында. Бирд (Byrd) зерттеу стансасындағы орташа жылдық температура 1950 жылдардан бері Цельсий бойынша 2,4 градусқа өсті. Батыс Антарктидадағы температура өсімінің қарқындары орташа әлемдік көрсеткіштерден үш есе жоғары.

Температуралардың көтерілуі мұздықтардың еруіне және әлемдік мұхит деңгейінің өсуіне соқтырады. Бұл жағадағы бірқатар мемлекеттерге зиян келтіруі мүмкін, олардың арасында Нидерланды, Тувалу, және Тынық мұхит архипелагтары бар.