Жарияланды: 880

Нидерланды мемлекетінің бұрынғы сыртқы істер министрі Яап де Хооп Схеффер НАТО-ның бас хатшысы қызметіне ресми түрде кірісті

Бүгін, 5-қаңтарда Нидерланды мемлекетінің бұрынғы сыртқы істер министрі Яап де Хооп Схеффер НАТО-ның бас хатшысы қызметіне ресми түрде кірісті. Оны аталмыш лауазымға тағайындау туралы шешім Альянсқа мүше-елдер өкілдерінің қатысуымен 2003-жылдың 22-қыркүйегінде Брюссельде өткен отырыста мақұлданған болатын. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Атлантикалық Альянс хатшылығының ресми хабарламасынан мәлім болды.

Голландиялық Яап де Хооп Схеффер 2003-жылдың көктемінде саясаттан бас тартып, Cable & Wireless PLC атты телекоммуникациялық компания директорларының кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқаруға келісімін берген НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Джордж Робертсонның орнын басады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін